Медициналық қолдану нұсқаулығы
дәрілік препарат (Жапсырма-кітапша)

Саудалық атауы

Граммидин® нео

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Соруға арналған таблеткалар, 3 мг + 1 мг

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Тамақ ауруын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
ATX коды R02AА20

Қолданылуы

Ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларында:
  • баспа, жедел фарингит, тонзиллит
  • пародонтоз
  • гингивит
  • стоматит

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Препарат құрамына кіретін компоненттерге аса жоғары сезімталдық
  • Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
  • 6 жасқа дейінгі балалар
  • Жүктілік (І триместр)
  • Лактация кезеңі

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Препаратты қолданғаннан кейін бірден 1-2 сағат ішінде тамақ пен сусын ішуден бас тарту керек.
Препаратты қабылдаған 7 күн ішінде емдік әсері болмаған жағдайда дәрігерге жүгіну ұсынылады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Граммидин® нео жергілікті және жүйелі әсер ететін микробқа қарсы басқа дәрілердің әсерін күшейтеді.

Арнайы ескертулер

Арнайы ескертулер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік кезінде қолдануға талапқа сай бақыланатын зерттеу жүргізілмеген. Препаратты жүктіліктің I триместрінде қолдануға болмайды. Препаратты жүктіліктің II-III триместрінде қолдану, егер анасы үшін ықтимал пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскенде, мүмкін болады.
Препарат компоненттерінің емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер көрсетпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 1 таблетка 3-4 рет күніне.
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: 1 таблетка 1-2 рет күніне.

Енгізу әдісі мен жолы

Шайнамай, ауызда сору арқылы, тамақтан кейін қабылданады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы 5-6 күн.

Артық дозаланғанда қабылдануы қажет шаралар

Осы уақытқа дейін Граммидин® нео препаратымен артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар

Жекелеген дозаларды өткізіп алған жағдайда препараттың қосарлы дозасын қабылдау қажет емес.

Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау

Тоқтату симптомдарының жағдайлары туралы осы уақытқа дейін хабарланған жоқ.

Дәрілік препратты қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

  • Белгісіз
  • Препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар – грамицидин С дигидрохлориді – 3,20 мг (грамицидин С шаққанда – 3,00 мг), цетилпиридиний хлориді моногидраты – 1,05 мг (цетилпиридиний хлоридіне шаққанда – 1,00 мг);
қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, калий ацесульфамы, жалбыз хош иістендіргіші, сорбитол, магний стеараты.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында бедерленген «GR» жазуы бар ақ түсті таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

9 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамада немесе поливинилхлоридті үлбірден немесе поливинилхлоридті/поливинилиденхлоридті үлбірден, немесе біріктірілген материалдан және алюминий фольгадан жасалған перфорацияланған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші туралы мәліметтер

«Валента Фарм» АҚ, Ресей Федерациясы
Заңды мекенжайы: 141101, Ресей, Московская обл., Щелково қ., 1-ші Советская к-сі, 27
Телефон: (495) 933-48-62
Факс: (495) 933-48-61
Е-mail: valenta@valentapharm.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Валента Фармацевтика» акционерлік қоғамы, Ресей
141101, Мәскеу облысы, Щелково қ., Фряновское шоссе, 12
Телефон нөмірі: +7 (495) 933-48-62
Факс нөмірі: +7 (495) 933-48-63
E-mail: info@valentapharm.com
www.valentapharm.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның, дәрілік затты қауіпсіз қолдану мәселелері бойынша жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері

«Valenta Asia» ЖШС
050059, Алматы қ., Төле би к-сі, 286б
Тел/факс: +7 727 220 18 19
E-mail: info@valentapharm.kz