Медициналық қолдануға арналған нұсқаулық
дәрілік препарат (Қосымша парақ)
Саудалық атауы
Граммидин® балаларға арналған
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозалануы
Соруға арналған таблеткалар, 1,5 мг + 1 мг
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Тамақ ауруын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
АТХ коды: R02AA20
АТХ коды: R02AA20
Қолданылуы
Тамақтың және ауыз қуысының ауыруымен қатар жүретін ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларын симптоматикалық емдеуде:
- фарингит
- тонзиллит
- пародонтит
- гингивит
- стоматит
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- фенилкетонурия (препарат құрамында аспартам бар)
- лактация кезеңі
- 4 жасқа дейінгі балалар
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Препаратты ауыз қуысында ашық жаралар болғанда қабылдамаған жөн, өйткені цетилпиридиний хлориді жараның жазылуын баяулатады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қазіргі кезде басқа дәрілік заттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесу жағдайлары сипатталмаған.
Арнайы ескертулер
Препаратты қолданғаннан кейін бірден 1-2 сағат ішінде тамақ және сусын ішуге болмайды.
Препаратты қабылдағанда 7 күн бойы емдік әсері болмаса, дәрігерге жүгіну керек.
Препаратты қабылдағанда 7 күн бойы емдік әсері болмаса, дәрігерге жүгіну керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану
Жүкті әйелдер препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесуі қажет. Егер анасы үшін ықтимал пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетін болғанда, препарат қолданылуы мүмкін. Емдеу кезінде бала емізуді тоқтатқан жөн.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат айрықша зейін қою мен жылдам реакцияны (автомобиль және басқа да көлік құралдарын басқару, қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу, диспетчер және оператордың жұмысы және т.б.) талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін атқаруға әсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсынымдар
Дозалау режимі
12 жастан асқан балалар мен ересектер: 2 таблеткадан (бірінің соңынан бірін 20-30 минут ішінде). Ең жоғары тәуліктік доза – 8 таблетка.
4-тен 12 жасқа дейінгі балалар: 1 таблеткадан. Ең жоғары тәуліктік доза – 4 таблетка.
4-тен 12 жасқа дейінгі балалар: 1 таблеткадан. Ең жоғары тәуліктік доза – 4 таблетка.
Енгізу жолы және тәсілі
Жергілікті. Шайнамай, ауызда сору арқылы, тамақтан кейін қолданылады.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күніне 4 рет.
Емдеу ұзақтығы
7 күн бойы.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет шаралар
Симптомдары: препаратты ұсынылғаннан асып түсетін дозада қабылдау бактериялық микрофлораның өзгеруі салдарынан асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылуларды туындатуы мүмкін: жүрек айну, құсу, диарея.
Емі: препарат қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралу керек.
Емі: препарат қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралу керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезінде қажетті шаралар
Жекелеген дозаларды өткізіп алған жағдайда препараттың қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.
Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау
Осы уақытқа дейін тоқтату симптомдары туралы хабарланған жоқ.
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
- Жиілігі белгісіз
- Препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар
- Асқазан-ішек бұзылыстары (жүрек айну, диарея)
Күтілген дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігін және осындай хабарламаны нұсқайтын алуан түрлі жолдарын қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМКhttp://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар – грамицидин С дигидрохлориді – 1,60 мг (грамицидин С шаққанда - 1,50 мг), цетилпиридиний хлориді моногидраты – 1,05 мг (цетилпиридиний хлоридіне шаққанда – 1,00 мг);
қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, лимон қышқылы моногидраты, аспартам, таңқурай хош иістендіргіші, сорбитол, магний стеараты.
белсенді заттар – грамицидин С дигидрохлориді – 1,60 мг (грамицидин С шаққанда - 1,50 мг), цетилпиридиний хлориді моногидраты – 1,05 мг (цетилпиридиний хлоридіне шаққанда – 1,00 мг);
қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, лимон қышқылы моногидраты, аспартам, таңқурай хош иістендіргіші, сорбитол, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті дөңес, бір жағында «GR» өрнегі және таңқурай иісі бар, түсі ақ немесе ақ дерлік таблеткалар. Аздап мәрмәрлануына жол беріледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
9 таблеткадан пішінді ұяшықты қаптамда немесе поливинилхлорид үлбірден немесе поливинилхлорид/поливинилиденхлорид үлбірден немесе біріктірілген материалдан (полиамид/алюминий/поливинилхлорид) және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«Валента Фармацевтика» акционерлік қоғамы, Ресей
141101, Мәскеу облысы, Щелково қ., Фряновское шоссе, 12
Телефон нөмірі: +7 (495) 933-48-62
Факс нөмірі: +7 (495) 933-48-63
E-mail: info@valentapharm.com
www.valentapharm.com
141101, Мәскеу облысы, Щелково қ., Фряновское шоссе, 12
Телефон нөмірі: +7 (495) 933-48-62
Факс нөмірі: +7 (495) 933-48-63
E-mail: info@valentapharm.com
www.valentapharm.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Валента Фармацевтика» акционерлік қоғамы, Ресей
141101, Мәскеу облысы, Щелково қ., Фряновское шоссе, 12
Телефон нөмірі: +7 (495) 933-48-62
Факс нөмірі: +7 (495) 933-48-63
E-mail: info@valentapharm.com
www.valentapharm.com
141101, Мәскеу облысы, Щелково қ., Фряновское шоссе, 12
Телефон нөмірі: +7 (495) 933-48-62
Факс нөмірі: +7 (495) 933-48-63
E-mail: info@valentapharm.com
www.valentapharm.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның, дәрілік затты қауіпсіз қолдану мәселелері бойынша жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері
«Valenta Asia» ЖШС
050059, Алматы қ., Төле би к-сі, 286б
Тел/факс: +7 727 220 18 19
E-mail: info@valentapharm.kz
050059, Алматы қ., Төле би к-сі, 286б
Тел/факс: +7 727 220 18 19
E-mail: info@valentapharm.kz